Выйти
RU

Елордалық бір жасар сәби өліміне екпенің қатысы бар ма: Министр жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы қызылша ауруына қарсы екпе салынғаннан кейін бір жасар сәбидің қайтыс болуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ

Бірінші кезекте, министр сәбидің отбасына көңіл айтып, аталған факт бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.

Ол өзі басшылық ететін ведомствоның қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтынын жеткізді.

Сондай-ақ істі тергеуге құқық қорғау органдары да тартылған.

Министрлік басшысы атап өткен алдын ала деректерге қарағанда, қызда ауыр жүрек потологиясы болған, оны медициналық анықтамасындағы сәйкес жазбалар да растайды.

Ол әзірге сәбидің нақты неден қайтыс болғаны, бұған екпе салынуының қатысы бар-жоғы белгісіз екенін атап өтті.

Алайда, қыздың анасы жасаған мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта ведомство басшысы бұл мәселені жеке бақылауына алған.

Ол БАҚ өкілдеріне тергеу аяқталғаннан кейін сәйкес ақпарат ұсынуға уәде берді. Сондай-ақ Біртанов журналистерге бұл мәселе жөнінде ақпарат таратуда абай болуды сұрады.

Себебі, нақтыланбаған ақпараттар халық тарапынан екпелерге сенбеушілік тудыруы мүмкін.

"Әрине, бұл дәрілік заттар, кез-келген дәрі-дәрмектердің жанама әсері болуы мүмкін. Бірақ, нақты әрбір жайт бойынша тергеу жүргізуіміз керек. Содан кейін ғана шешім қабылдау қажет", – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтан тұрғыны бір жасар қызының қызылша ауруына қарсы екпе салынғаннан бірнеше күн өткен соң қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордалық бір жасар сәби өліміне екпенің қатысы бар ма: Министр жауап берді