Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әйгілі шабандоз 800 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер әйгілі шабандозды елдегі мотоспортты дамытуға бөлінген 800 млн теңгені жымқырды деп айыптауда. Артур Ардавичус Қазақстаннан кетіп қалған және жауап беруден бас тартып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шабандоз ақшаны 2016-2014 жылдары ұрлағанын мәлімдеді. Ол миллиондаған қаражатты жарыстар мен жиындар бойынша сұраныстардың санын арттыра отырып жымқырған.

Ардавичус бұл әрекеттерін "Астана Мотоспорт" командасының басшысы қызметінде болғанда жасаған. Ал оған қаржыны қолма-қол алуға қазақстандық және шетелдік компаниялар көмектескен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілердің айтуынша, шабандоздың кінәсін дәлелдейтін айғақтар жетерлік. Сондықтан, Қазақстанға оралып, тергеумен ынтымақтастық жасаудан бас тартқан Ардавичусқа әлем бойынша іздеу жарияланды.

Спортшы отанына оралған сәтте қамауға алынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер істі ұстау санкциясымен сотқа жолдады.

Қазіргі уақытта ұрланған 800 млн теңге нақты сан емес. Алдағы уақытта тергеу жұмыстары өз жалғасын тауып, жымқырылған ақшаның нақты сомасы белгілі болады.

Айта кетейік, cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер осыған дейін "Астана LRT" ісі бойынша бес күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын. Олардың екеуі-әкімдік қызметкерлері. Алғашқысы әкімдік басқармаларының бірін басқарса, екіншісі мәслихат хатшысы Нұрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831843-kazakstanda-jgili-sabandoz-800-mln-tege-zymkyrdy-dep-kdiktelude/

pixel