RU
Таразда орта ғасырлық шығыстық сәулет стиліндегі туристік кешен ашылады

Таразда орта ғасырлық шығыстық сәулет стиліндегі туристік кешен ашылады

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Тараз қаласында орта ғасырлық шығыстық сәулет стиліндегі туристік кешен ашылады. 8 нысаннан тұратын этно-мәдени орталық болашақта туризм саласының дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

ааааа

Жамбыл облысы Қазақ хандығының қазығы қағылған өңір болса, Тараз - тарихтың темірқазығы. 2000 жылдан астам тарихы бар көне шаһар кезінде бірнеше мемлекеттің орталығы болғанын көптің бәрі біле бермейді.

Осыған дейін мұнда қаланың өткенінен сыр шерітетін "Көне Тараз" орталығы болса, жаңа "Шахристан" этно-мәдени кешені соның жалғасы болмақ.

Бірегей туристік кешенде орта ғасырлық шығыстық сәулет стилінде «Руханият және тарихтану» орталығы, "Қолөнер" шеберлерінің галереясы, "Көркемсурет" галереясы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Ретро-фестиваль» амфитеатры, "Көрме" павильоны , қаланың кез келген тұсынанан көрінетін «Сағат» стелласы, «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы ашылады деп күтілуде.

Айта кету керек, ұлттық құндылығымызды болашақ ұрпаққа жеткізіп, тарихымызды танытуға бағытталған жобаға демеушілер де өз үлесін қосып, құрылысқа қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар, қос мереке қарсаңында Тараз қаласындағы "Тектұрмас"тарихи-этнографиялық кешені және облыстық қазақ драма театрының алдында қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың, «Баласағұн» ОКЗ-ның алдында халық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенен Әзірбаевтың ескерткіші бой көтереді.

Бұдан бөлек, Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің алдында "Әуендер әлемі" алаңы, «Тараз-Арена» спорт сарайының алдында «Даңқты спортшылар алаңы» ашылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel