Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

61 жастағы қостанайлық әйел қонақ үйде асылып қалды

Опубликовано:

Ақмола облысы Есіл қаласындағы қонақ үйдің қызметкерлері бөлмелердің бірінде асылып қалған қостанайлық әйелді тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қонақ үй қызметкерлеріне бөлмеге кіру үшін есікті бұзуға тура келген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қызметкерлер әйелді қонақ үй бөлмесіндегі есікке асылып қалған күйінде тапқан.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды.

Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған. Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда.

Ақ Жайық басылымының мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған. Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз.

Сондай-ақ Алматы облысы Есік қаласында жас қыз колледж жатақханасының балконына асылып қалған. Алматы облыстық полиция департаменті болған жағдайды растады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831847-61-zastagy-kostanajlyk-jel-konak-jde-asylyp-kaldy/

pixel