RU

Алматыда элиталы көлік жүргізушісі мешіт жанында бес адамды қағып кетті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда Range Rover көлігінің жүргізушісі мешіт жанында бес адамды қағып кетіп, жаппай жол апатын жасады. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты мас болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Оқиға Саяхат ауданындағы мешіт маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктердің барлығы Пушкин мен Мәметов көшелерінің қиылысынадғы бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтіп тұрған.

Zakon.kz хабарлауынша, сол уақытта элиталы көліктің рөлінде отырған азамат рөлге ие бола алмай қалған екен. Нәтижесінде ол жапониялық көлікпен соғысып, тағы бір көлікке зардап тигізіпті.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Басылымның хабарлауынша, соқтығысқан соң үш жүргізуші де көліктен шығады. Ал жол апатына кінәлі азамат "қазір барлығын шешетінін" айтып, рөлге отырып, кете барады.

Нәтижесінде ол жол апатына түспеудің алдын алып жатқан автокөлікке соқтығысады.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Алайда, рөлдегі азамат қимылды тоқтатпай, жүруді жалғастыра берген. Осылайша, ол адам жүретін жолаққа түсіп, бес адамды қағып кеткен.

Хабарланғандай, бес адам әрі қарай медициналық көмек алу үшін ауруханаға жөнелтілген.

Көлік тоқтаған сәтте рөлдегі азаматты куәгерлер шығарып алған екен. Олардың сөзінше, көліктің ішінде алкогольдің иісі аңқып тұрыпты.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда элиталы көлік жүргізушісі мешіт жанында бес адамды қағып кетті (фото, видео)
Mailfire view pixel