RU
Ақтөбеде "оқушыны зорлады" деген күдікпен басқа адамның суретін таратқан

Ақтөбеде "оқушыны зорлады" деген күдікпен басқа адамның суретін таратқан

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 9 жастағы жасөспірімді зорлады деп күдікке ілінген тұрғынның ауыр қылмысқа қатысы жоқ болып шықты. Сорақысы, ер адамның суреті қылмыскер ретінде желіге тарап кеткен деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде "жасөспірімді зорлады" деген күдікпен басқа адамның суретін таратқан

Нұрлан Шандин. Фото: NUR.KZ

Сегіз сағат тергеуде болған азамат үйіне қайта алмай отырғанын айтып, журналистерден көмек сұрады. Ол желіде тараған ақпараттан кейін жақындарын сендіре алмай жүр.

"Сол күні вахтадан қайтып, қалаға медициналық анықтама алу үшін келдім. Өзім отбасыммен Байғанинде тұрамын. Түскі сағат 12:25-те заттарымды вокзалдың жүк қоймасына тастадым. 

Өзім вокзал жанындағы дүкеннен сағыз алып, сол жерден автобусқа отырып қарындасымның үйіне кетіп қалдым.

Түстен кейін ол жақтан шығып, телефонымды жөндеттім. Шаруаларыммен вокзал жақта жүргенімде 20-30-да полиция қызметкері ұстап алды.

Кешкілік ұстағаннан таңғы сағат 4-ке дейін қорқытты. Таңда "қателесіппіз, кешіріңіз" деп босатып жіберді.

Жарар дегенмін. Бірақ, Instagram парақшаларында қылмыскер ретінде жүрмін.

Мен жазықсыз адаммын. Әлеуметтік желіге қыз зорлаған айуан деп менің суретімді салып қойған. Бұл жағдайдан кейін сотқа шағым түсіретін боламын", - дейді тұрғын Нұрлан Шандин.

37 жастағы азамат - төрт баланың әкесі. Ер адам енді туысқандарын өзінің ауыр қылмысқа қатысы жоқ екеніне сендіре алмай, жылап жүр.

"Мені қылмыскер деп ақпарат таратып отырған кім? Дәлелденбеген мәліметті таратып жібергендердің жазалануын сұраймын. Шешем мен қызыма қарайтын бет жоқ. Жұмыстан келгелі үйге әлі бара алмай отырмын. Шешем әлі түсінбей "Мен саған сондай тәрбие үйреттім бе?" деп отыр", - дейді көз жасына ерік берген азамат.

Облыстық полиция департаменті дәлелденбеген ақпаратты таратқандарға қатысты тексеріс жүргізіп жатқандарын айтты.

"Осы жағдайға қатысты өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Мәліметтерді таратқан адам анықталған жағдайда шара қолданылатын болады",-дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Естеріңзіге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 12 желтоқсанда мектеп оқушысының зорланғаны туралы хабар тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз
11
10
11
16
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel