Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің алғашқы Конституциясын жасаған академик Сартаев көз жұмды

Опубликовано:

Белгілі қазақ академигі Сұлтан Сартаев 92 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы жаңалықты өзінің телеграм-арнасында Ербол Еділов жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

мммммм
Сұлтан Сартаев. Фото: Видеодан алынған кадр: Depositphotos

Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген.

1949 жылы Алматы заң институтын, 1952 жылы Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген.

1952 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Образование и становление Автономной Казахской Советской Социалистической Республики» деген тақырыпта диссертация қорғады.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемленкеттік университетінде 1955 жылдан бастап доцент, мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, осы кафедраның профессоры болып қызмет атқарған.

1970 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-да докторлық диссертация қорғаған.

Сұлтан Сартаев 1955 жылдан бастап республиканың ірі заң жобаларын жасауға атсалысты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің ХІІ-ХІІІ шақырылымының іскер депутаттарының бірі ретінде тілдер туралы Заңдардың, Республика Президентінің Қызметін тағайындау, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заң жобаларын жасауға қатысқандардың бірі.

Қазақстан тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президент Кеңесі – Республика Президенті жанындағы бас Кеңес органының 9 мүшесінің бірі болған, Президент жанындағы ҚР сотымен сотталғандарға кешірім жасау Республикалық Комиссиясының Төрағасы болды.

Ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің теориялық семинар жетекшісі болды.

Қазақстан Республикасының тарихындағы алғашқы Қазақстан заңгерлері Одағының президенті, КСРО заңгерлер Одағы төрағасының орынбасары, Қазақстандағы мемлекеттік емес бірінші жоғары оқу орнының бірі – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының (КИПМО) ректоры болып қызмет атқарған. Оның ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық және 30-ға жуық кандидаттық диссертация қорғалды.

490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар.

“Құрмет белгісі” орденімен, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалімен, “Білім” Бүкілодақтық қоғамының “Белсенді еңбегі үшін” медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің “Жұмыстағы үздік табыстары үшін” медалімен, “Парасат” орденімен және өзге де наградалармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1831860-elimizdi-algasky-konstituciasyn-zasagan-akademik-sartaev-kz-zmdy/

pixel