RU

Димаш Нұр-Сұлтанда Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән салды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аты әлемге танымал отандық орындаушы Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтандағы концертке қатысып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында ән салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өз Twitter парақшасында Құдайбергеннің концертінен бейнеролик жариялады.

Ол отандық әншінің өнерін Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев тамашалағанын жеткізді.

Айта кетейік, концерт алдағы мереке-Тәуелсіздік күніне арналды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Ең алдымен, баршаңызды келе жатқан қасиетті тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны бағалай білу бүгінгі және өскелең ұрпақтың міндеті. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөлін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тұңғыш президентіміз, мемлекетіміздің негізін қалаушы, тарихи және әлемдік деңгейдегі тұлға", - деді ол.

Ол тәуелсіздікті нығайтудың негізгі жолы экономиканы күшейтіп, өндіріс көлемін арттыру екендігін баса айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаш Нұр-Сұлтанда Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән салды (видео)
Mailfire view pixel