RU
Алдағы демалыс күндері ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр

Алдағы демалыс күндері ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр

Рассказать Вконтакте

14-17 желтоқсан аралығында Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуіне әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.

Алдағы демалыс күндері ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұр

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мегаполистердегі ауа райы

14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында аздап қар жауып, жел 8 м/с дейін күшейеді. Түнде - 8 градус, ал күндіз - 11 градус.

Алматыда күн бұлтты болып, қар аралас жаңбыр жауады. Температура түнде - 1, күндіз + 1 градусты құрайды.

Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынды, қар аралас жаңбыр жауады. Термомтер түнде + 1, күндіз - 2 градусты көрсетеді.

15 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жел 4 м/с дейін бәсеңдейді. Түнде термометр бағамы минус 19, ал күндіз минус 14 градусқа жетеді.

Алматы қаласында күн бұлтты, қар жауады. Түнде минус 2, күндіз минус 4 градус ауа райы қалыптасады.

Ал Шымкентте күн ашық. Термомтер түнде - 8, күндіз + 1 градусты көрсетеді.

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болады, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде - 16, күндіз - 15 градусты құрайды.

Алматыда күн бұлтты, термометр бағамы түнде - 5, ал күндіз - 1 градусқа жетеді.

Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Температура түнде - 6, күндіз + 5 градус.

17 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында күн ашық, жел күші 5-6 м/с. Түнде - 19 градус, ал күндіз - 12 градус.

Алматыда күн бұлтты болады. Температура түнде - 5, күндіз - 2  градусты құрайды.

Ал Шымкент қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Термомтер түнде - 4, күндіз + 7 градусты көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel