RU
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты

Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

"Сұлтан Сартайұлының дүниеден өтуі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. С.Сартаев Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының негізін қалаушылардың бірі болды. Еліміз егемендік алған тұста отандық заңнаманың қалыптасуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына мол еңбек сіңірді. Соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырды" – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Сартаевтың еліне сіңірген ерен еңбегін, өнегелі өмірімен халықтың шынайы құрметіне ие болған жан екенін, сондай-ақ,  асыл азаматтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі қазақ академигі Сұлтан Сартаев 92 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы жаңалықты өзінің телеграм-арнасында Ербол Еділов жеткізді.

Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. Оның 490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel