RU

Тұрғымбаев Головкинді медальмен марапаттады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас полицейі Ерлан Тұрғымбаев отандық боксшы Геннадий Головкинді спорттың дамуына қосқан үлесі үшін медальмен марапаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ

Фото: ҚР ІІМ

ҚР ІІМ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бөлімінде атап өткендей, қазақстандық спортшы "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальмен марапатталды.

Ол бұл атаққа еліміздегі спорттың дамуына қосқан үлесі үшін ие болды.

Ведомствода атап өткендей, қазақстандық боксшы ҚР ІІМ спорттық командасының қатарында жүрген.

Бұл жағдай қазақстандық кәсіби боксқа келмей тұрған кезде болған. Дегенмен, Тұрғымбаев полиция қатарында бұрынғы қызметкерлер болмайтынын атап өтті.

Ол Геннадий Головкинге алғыс білдіріп, оның полицейлерге үлгі көрсетіп жүргенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бокс аңызы Геннадий Головкинмен кездесті.

Кездесу барысында ол боксерге Майқұдықтағы әйгілі стадионды қайта қалпына келтіруге уәде берді.

Бұл туралы аймақ басшысы Facebook парақшасында жазды. Айтуынша, бокс жұлдызымен кездесу барысында өңірдегі спорт саласының даму мәселесі талқыланған.

"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды.
Бірге отырып, Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.
Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұрғымбаев Головкинді медальмен марапаттады
Mailfire view pixel