RU

Алматыда қандала дәрісінен уланған ер адам көз жұмды

Алматыда қандала улаймын деп жансақтау бөліміне анасымен бірге түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз үйінде зорланған. Қаскөй сабақтан жалғыз қайтқан жасөспірімді аңдыған болуы мүмкін. Қасындағы құрбылары үйіне тарап кеткен кезде жалғыз қалған қыз баланы әңгімеге тартқан. Кейін бүлдіршіннің артынан үйіне ілесе кіріп, арам ойын жүзеге асырған.

Жантүршігерлік оқиға 12 желтоқсан күні тапа тал түсте болған. Теміржол вокзалы жанында тұратын қыз бала жақын маңдағы мектептен жалғыз қайтқан. Полиция оқиғаның болғанын растайды, ресми ақпаратты жақын уақытта таратуға уәде береді.

City04.kz сайтының хабарлауынша, бейсенбі күні мессенджерлер арқылы Ақтөбе қаласында мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тараған.

12 желтоқсан күні сағат 13:38-де Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №3 ҚПБ кезекші бөліміне жасөспірім қыз баланың зорланғаны туралы хабарлама түскен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831883-almatyda-kandala-drisinen-ulangan-er-adam-kz-zmdy.html