Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімнен алыстатып алдым": Сүйіктісінен жүкті болып қалған келіншек желіде мұңын шақты

Опубликовано:

24 жастағы бір баланың анасы күйеуінің қалауымен ажырасқандарын сөз етті. Оның айтуынша, ер адам оны тастап, үшінші әйел алған. Алайда бір жылдан кейін өз сүйгенін жолықтырған келіншек одан жүкті болып қалғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аяғым ауыр": Сүйіктісінен жүкті болып қалған ажырасқан келіншек желіде мұңын шақты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел адам басындағы жағдайы жайлы Instagram-дағы astana__forum парақшасына жазды.

"Жасым 24-те, 5 жасар ұлым бар. Күйеуіммен бір жарым жыл бұрын ажырасып кетім. Ол маған дейін бір рет ажырасқан, енді үшінші әйелімен бірге тұрып жатыр. Әйелі жүкті. Сәби күтіп жүр. Бұрынғы күйеуім әр отбасында бір-бір баладан туғызды.
Ажырасқаннан кейін ештеңеге құлқым болмады. Адамдармен сөйлесуге құлшынысым болмады. Тұйықталып алдым. Бізді тастап кеткені үшін қатты қайғырдым. Балам "әкем неге бізбен бірге тұрмайды?", "Әкеме барғым келеді" деген сөздері жүрегімді қақ айырады", - дейді келіншек.

Аузы күйген келіншек бір жылдан кейін қалауындағы жігітті кездестіргенін сөз етті. Айтуынша, ол тіпті, ер адамнан жүкті болып қалған екен.

"Бір жыл бойы біреуді жаныма жақындатуға қорықтым. Кейін бір жігітпен танысып, кездестім. Ұлыммен де танысты. Бірақ менің ішімде бір үрей бар. Жалғыз қалып қойсам деген ойлар маза берер емес. Оның үстіне сүйіктім де бұрынғыдай көңіл аудармайтын болды.
Өзім: "Саған басқа адам керек шығар" деп жүріп оны алыстатып алған сияқтымын. Алайда ол үнемі "сенен басқаның керегі жоқ" деп отыратын. Енді міне айырылысап кеттік. Не істерімді білмеймін. Ал жуырда тіпті, аяғымның ауыр екенін білдім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831888-aagym-auyr-sjiktisinen-zkti-bolyp-kalgan-azyraskan-kelinsek-zelide-myn-sakty/

pixel