RU

Күйеуі үйінен қуып шыққан келіншек құдықта тұрып жатыр (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде Ақсу қаласының кәріз жүйесінде тұруға мәжбүр болып жүрген келіншектің видеосы жарияланды. Бейне авторы тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуі үйінен қуып шыққан келіншек құдықта тұрып жатыр (видео)

Фото: Видеодан кадр

Видео "Культурный 14 РЕГИОН" YouTube-арнасында пайда болды.

Видеоның басында автор азық-түлік салынған сөмкені қалай дайындап жатқанын көрсетті.

Содан кейін Айнур есімді үйі жоқ әйелге және басқа да онымен тағдырлас адамдарға тамақ таратып берді.

Автор келіншектің өмірі мен оның басына түскен сынақтар туралы сұрақтар қоя бастады.

Сұхбат барысында Айнұр Ақтау қаласының тұрғыны екенін айтты, бірақ кейін Ақсу қаласына көшіп, сол жерге тұрмысқа шығыпты.

Алайда белгісіз себептермен күйеуі оны үйден қуып шығарды. Содан бері ол құдықта тұруға мәжбүр болған екен.

"Күйеуім үйден кетуімді сұрады. Мен оны көп рет кешірдім...", - деді ол көз жасына ерік беріп.

Соңғы жылдары Айнұр бірнеше рет қиындықтарға тап болды. Енді әйел адам көше кезіп қалды.

Видео авторлары оның ата-анасымен байланысып, қызының қай жерде және қандай жағдайда өмір сүруге мәжбүр екенін айтып берді.

"Мама, маған көмектесші, мен далада қалдым", - деп жалынды Айнұр.

Әйел адам анасынан үйге қайтар жолға ақша сұрады.

Бұл оқиғаның қалай аяқталатыны әлі белгісіз. Видео авторлары туыстары әйелге көмектеседі деп үміттенуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Күйеуі үйінен қуып шыққан келіншек құдықта тұрып жатыр (видео)
Mailfire view pixel