RU
Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ауруханада күзетілуде

Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ауруханада күзетілуде

Рассказать Вконтакте

Алматыда жұма күні орын алған жаппай жол апатына қатысты тың ақпараттар пайда болды. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматыда адамдарды қағып кеткен Range Rover жүргізушісі ауруханада күзетілуде

Фото: Zakon.kz

Аталған факті бойынша ақпарат қалалық полицияның баспасөз қызметінде айтылды.

Ведомствода атап өткендей, орталық мешітке жақын маңайда орын алған жаппай жол-көлік апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы бап бойынша жүргізілуде.

Range Rover жол талғамайтын көлігін басқарған 44 жастағы ер азаматтың мас болғандығы атап өтілді. Алдымен оның басқаруындағы автокөлік үш көлікпен соқтығысып, содан кейін үш адамды қағып кетіпті.

Полиция департаментінде атап өтілгендей, қазіргі таңда жүргізуші ауруханада жатыр. Оны полиция күзетіп жатыр.

Стационарлық емдеу курсы аяқталғаннан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілетін болады.

Еске салайық, апаттың куәгерлері алғашқы кезде осы жол талғамайтын көлікпен соқтығысып, төрт адам жарақат алғанын хабарлаған.

Олар сондай-ақ жүргізуші рөлді мас күйінде басқарған. Алайда кейінірек полицейлер үш адамның зардап шеккенін және Range Rover мінген кісінің ұсталғанын анықтады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel