Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та отбасы 141 жылдық тарихы бар тортты сақтап келген

Опубликовано:

АҚШ-тың Мичиган штатынан шыққан Раттингер әулеті 1878 жылы әзірленген бәлішті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ал бүгінде отбасы осы таңғажайып жайт үшін кең танымалдыққа ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-та отбасы 141 жылдық тарихы бар тортты сақтап келген
Фото: twitter.com/KRON4 News: UGC

Джули Рэттингердің сөзінше, 19 ғасырда оның үлкен әжесі Фиделия Форд торт пісірген.

Әйел адам торттың рецептін өзі ойлап тапқан. Алайда одан дәм тату үшін бірнеше сағат емес, бір жыл күту қажет екен. Ол ерешке тәттінің жасалу жолын айтпаған.

Сол себепті әжей 1878 жылы 65 жасында қайтыс болғанда оның балалары тортқа тиіспей, сол күйі қалдыруды жөн көріпті.

Содан бері ол отбасының құнды мұрасына айналыпты.

"Бұл керемет. Бұл дәстүр, мұра", - деді Джули.

Оған дейін тортты оның әкесі сақтап келіпті, алайда ол 2013 жылы көз жұмған. Кейіннен тәтті Джулидің жолына тиген. Енді болашақта Джулидің ұрпағы тортқа ие болатын болады.

Айта кету керек, бұл отбасының торты бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне тәтті емес. Египет пирамидасынан табылған торт - ең ескі тәтті болып есептеледі. Оның жасы шамамен 4176-да. .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831907-aks-ta-otbasy-141-zyldyk-tarihy-bar-tortty-saktap-kelgen/

pixel