RU

Ұлына өмір заңдарын үйретпек болған әке оған қайыр тілетіп қойған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Шанхай қаласы тұрғыны туған ұлын көшеде тұрғызып қойып, қайыр тілеткен. Ол осылайша балаға сабаққа ден қоймаса, өмірдің қаншалықты қиын болатынын түсіндірмек болыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Ұлына өмір заңдарын үйретпек болған әке оған қайып тілетіп қойған

Фото: Видеодан кадр

Кішкентай балақай Шанхайдың теміржол вокзалында тізерлеп тұрып, жолаушылардан қайыр сұраған.

Көп ұзамай балаға полиция қызметкерлерінің назары ауыпты. Олар оның мұндай жерде жалғыз өзі не істеп жүргенін анықтады.

Белгілі болғандай, жеткіншекке күн көріс көзі үшін қаражат қажет болған.

Вокзалда тізерлеп, қайыр тілеп тұрғаны көпшіліктің жағасын ұстатты.

Оны вокзалға туған әкесі ертіп әкепті. Ер адам баласына көшеде жүріп қайыр тілеткізіп, ақша табуға міндеттепті. Айтуынша, ол ұлына сабаққа ден қоймаса, өзін қандай өмір күтіп тұрғанын осындай тәсілмен көрсетпек болған екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлына өмір заңдарын үйретпек болған әке оған қайыр тілетіп қойған
Mailfire view pixel