Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы бойжеткен "сүйіс ауруынан" көз жұмды

Опубликовано:

Американың 17 жастағы Ариана Рей есімді тұрғыны өзін жайсыз сезініп, кенеттен құса бастаған. О баста мұны жай ғана тұмауға балаған ата-анасы одан айырылып қалатынын мүлде білмеген KAZ.NUR.KZ Рамблер басылымына сілтеме жасап.

17 жастағ бойжеткен "сүйіс ауруынан" көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен тұмаумен ауырып, өзін әлсіз сезінгендіктен сағаттар бойы ұйықтаған. Сонымен қатар, басының сақинасы ұстаған бойжеткен біраз уақыт өз-өзіне келе алмай жүріпті.

Дәрігерлер сараптама жасағанымен, нақты диагноз қоя алмады. Содан кейін ол құсып, көру қабілеті нашарлай баста. Одан бөлек қол-аяғы үйіп, дұрыс сөйлей алмай қойды деп хабарлайды БАҚ.

Дәрігерлер бойжеткен инсультты басынан өткізді деп күдіктенді. Ариана Джексонвиллдегі ауруханаға жатқызылды. Тек жасөспірімнің өмірінің соңғы күндерінде дәрігерлер не болып жатқанын түсінді.

Делфс -тың миы Эпштейн-Барр вирусын тудыратын ауыр инфекциялық мононуклеоз салдарынан өле бастаған екен. Вирус ағзаға сілекей арқылы енеді, сондықтан ауруды кейде "сүйіс ауру" деп те атайды. Бұл жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездеседі.

Ариана ауруханада үш кун жатқан. Содан кейін ол өмірді қамтамасыз ету аппаратынан ажыратылды.

"Оның миы зақымдалып, ісініп, жұмыс істей алмай қалған. Біз оны босататын уақыт келді деп шештік", - дейді қыздың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831913-17-zastag-bojzetken-sjis-auruynan-kz-zmdy/

pixel