RU

20 жыл басын жумаған әйел көздің жауын алар бұрымымен мақтанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

32 жастағы суретші Франческа Клуни көздің жауын алар бұрымының арқасында британиялық Рапунцель аталып кетті. Әйел адам ұзын шашын күтіп ұстаудан шаршағандықтан 20 жыл бұрын басын жуудан бас тартыпты. Алайда бүгін оның шашы ештеңеге қарамастан мінсіз көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

20 жыл басын жумаған әйел көз тартар бұрымымен мақтанды

Фото: instagram.com/floorlengthfrankie

Фрэнки бүгінде ұзындығы екі метрге жететін шашын 6 жасынан бастап өсіре бастаған. 13 жасында қыз оларға күтім жасаудың қаншалықты қиын екенін түсінді.

Сол себепті Франческа шашын жуудан бас тартыпты. 20 жылдан бері Франческа бұрымын тарап қана жүр. Суретші шашты жуудан бас тарту оның өмірін айтарлықтай жеңілдеткенін айтты.

Фрэнки кішкентай кезінен бастап ертегі ханшайымдары сияқты болуды армандағанын мойындады, сондықтан шашты алты жасында өсіруді шешіпті.

13 жасында бұрымды қыз күрделі мәселеге тап болды. Ұзын шашқа күтім жасау - ол ойлағандай оңай болмады. Содан кейін анасының досы оған шашын мүлде жумауға кеңес беріпті. Фрэнки 20 жылдан бері оның кеңесіне құлақ асып келеді.

Франческаның айтуынша, жуынудан бас тартқаннан кейінгі алғашқы бірнеше айда ол қолайсыздықты сезінген. Оның шашы әрдайым лас болатын, ал басы қышыған, алайда, көп ұзамай барлық "белгілер" жоғалып кетіпті.

Енді келіншек өз бұрымын ретке келтіру үшін жарты сағат жұмсайды. Бір қызығы, бұл шаштың "сапасына" әсер етпеді. Қыздың бұрымы керемет көрінеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
20 жыл басын жумаған әйел көздің жауын алар бұрымымен мақтанды
Mailfire view pixel