RU
Ақша табуға тырыспайтын күйеуінен мезі болған келіншек жан сырын ақтарды

Ақша табуға тырыспайтын күйеуінен мезі болған келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Тұрмысқа шыққанына 4 жылдың жүзі болған әйел күйеуінің табысты болуға ұмтылмайтынын сөз етті. Айтуынша, ер азамат төрт жыл бір жұмыста сол баяғы жалақасымен жүр екен. Бүгінде ақша тапшылығы үшін екінші мәрте балалы болмай жүрген келіншек желіде мұңын шақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақша табуға тырыспайтын күйеуінен мезі болған келншек жан сырын ақтарды

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында мұңын шақты.

"Жасым 30-да, тұрмысқа шыққаныма төрт жылдың жүзі болды. Ештеңені қаламайтын, табысты болуға талпынбайтын күйеуіммен алысамын деп шаршадым. Отбасын құрғаннан бері бір жерде, бір жалақыға жұмыс істеп келеді. Бірдеңе деп аузыңды ашсаң: "Ұнамаса, жақсы жұмыс тауып бер" деп шыға келеді. Өз басым шығармашылық адаммын. Кез келген жұмысты аламын. Сол себепті одан табысым жоғары. Бірақ соңғым күндері жоба шықпай, біраз қиналып қалдым", - дейді ол.

Келіншектің сөзінше, ол тіпті, ақша жетіспеушілігінен екінші мәрте ана бола алмай жүр екен.

"Екінші баланы дүниеге әкелгім келеді. Қаржы үшін күйеуіммен ажырасқалы отырған жоқпын. Оған деген сезімім бар. Оның үстіне басымызда несиеміз бар. ірақ оның жұмысын ауыстырып, ақша табуға тырысқанын қалаймын. Артық 30-40 мың теңге жағдайымызды біршама жеңілдетер еді", - деп жан сырын ақтарды келіншек.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel