RU
Ұйқысыздықты шақыратын өнімдердің тізімі анықталды

Ұйқысыздықты шақыратын өнімдердің тізімі анықталды

Рассказать Вконтакте

Колумбия университетіне қарасты дәрігерлер мен хирургтар Колледжінің мамандары ұйқысыздықты тудыратын өнімдерді анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ұйқысыздықты шақыратын өнімдердің тізімі анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Зерттеу авторлары өз тамақтану ережесін ашқан 50 мыңнан астам адамның деректерін талдады. Ғалымдардың пікірінше, қант, ақ нан, күріш сияқты өнімдер қандағы қантты жоғарылатады, ал бұл ұйқысыздықтың себептерінің бірі.

"Қандағы қант мөлшері тез өсіп кетсе, ағзаңыз инсулинді босатып, жауап беріп, нәтижесінде қандағы қанттың төмендеуі ұйқыға кедергі келтіретін адреналин және кортизол сияқты гормондардың шығарылуына әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді сарапшылар.

Ғалымдар ұйқыға пайдалы әсер ететіндіктен, жемістер мен көкөністерді күнделікті мәзірге енгізуге кеңес берді.

2017 жылы австралиялық диетолог Рик Хэй дұрыс ұйқыға арналған өнімдерді атады. Бірінші кезекте сарапшының пікірінше, жасыл және ақ шай тұр. Олардың құрамындағы L-теанин жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі.

Екінші орында түймедақ шайы тұр, ол мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Үшінші орында - даршын тұр. Әр бірнеше сағат сайын адамдар қандағы қанттың өзгеруіне байланысты түнде жиі оянады. Даршын бұл көрсеткішті тұрақтандыруға көмектеседі, ал қант диабетімен ауыратын науқастарда тіпті оны төмендетіп жібереді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel