Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алма қалдықтарынан сөмке жасайтын сәнгер әлем жұртшылығын таңғалдыруда

Опубликовано:

Швейцариялық сәнгер Таня Шенкер алма қалдықтарынан сөмкелер тігіп, көпшілікті таңдай қақтыруда. Шенкердің сөзінше, алма қалдығынан жасалған сөмкелер теріден жасалған сөмкелерден кем түспейді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алма қалдықтарынан сөмке жасайтын сәнгер әлем жұртшылығын таңғалдыруда
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алма қалдықтары мен сөмкелер жасауға пайдаланылатын барлық заттар Италияның автономиялық провинциясы Оңтүстік Тирольден келеді. Дизайнердің айтуынша, ол алма қалдықтарынан қымбат сөмкелер шығаруды қолға алған алғашқы сәнгер екен.  

Таня Шенкер өзінің ет жемейтінін айтты, сондықтан ол теріден немесе жануарлардың басқа бөліктерінен бірдеңе жасауды қолайсыз деп санайды. Сондықтан келіншек былғары сөмкелерге балама ұсынуды шешті.

Сәнді сөмкелер жасау үшін қолданылатын алма қалдықтарына негізделген материал терінің негізгі қасиеттерінен еш кем түспейді. Ол күшті және берік.

Алма қалдықтарынан сөмкелер шығару технологиясы толық ашылмаған, бірақ ол алма қалдықтарынан жасалған ұнтақтан алынатыны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831927-alma-kaldyktarynan-smke-zasajtyn-snger-lem-zrtsylygyn-tagaldyruda/

pixel