RU
Төбет көшедегі нанның ішінен гауһартасты сақина тапты (фото)

Төбет көшедегі нанның ішінен гауһартасты сақина тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Киев қаласының тұрғыны Жанна Ярославна Facebook парақшасында баласы мен итін алып, көшеде серуендегенін сөз етті. Алайда күтпеген жерден жануар нанның бір бөлігін иесне әкеліп беріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24tv.ua басылымына сілтеме жасап.

Төбет көшедегі нанның ішінен гауһартасты сақина тапты (фото)

Фото: facebook.com/janna.yaremenko81

"Аяқ жағыма қойып, үре бастады. Тұмсығынан ұрып, жібердім. Себебі нан уланған болуы мүмкін деп ойладым. Төбет көшеден тамақ тасуға болмайтынын жақсы біледі. Жанымызда қоқыс жәшіктері тұрған. Мүмкін сол жерден тауып алған болар"", - деп жазды Жанна.

Алайда әйел адам бұрылып, басқа жаққа кетіп бара жатқан кезде ит қаттырақ дауыс шығарып, үре бастапты. Тек сол сәтте келіншек жердегі нанды көтеріп, оның ішінен сақинаны тауып алыпты.

Ломбард жүзікті тазалап, жаңа қалпына қайта келтірді. Белгілі болғандай, сақина таза алтыннан жасалып, гауһар мен сапфир асыл тастарымен көмкеріліпті.

Енді келіншек бағалы сақинаның иесін іздестіруде. Жанна сақиқанының алмағы мен тастарының көлемін білетін адамды иесі деп танитынын және тек сол адамға бағалы бұйымды табыстайтынын атап өтті.

Әйел адамның сөзінше, Арчи есімді төбет көшеден тапқан бар бағалы заттарды иесіне көтеріп әкеледі екен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel