RU

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілуде.

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді
Фото: Қызылорда қаласы әкімшілігі: UGC

Атап айтқанда, жақында ғана қалаға қарасты Белкөл кентінде кәсіпкерлердің демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт кешені және кент орталығынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында заманауи медициналық амбулатория ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ал кеше, 13 желтоқсан күні Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа тұрғын ауданнан көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 240 отбасы қоныс тойын тойлады.

Бүгін осы игілікті істердің жалғасы, қаламен қатар қарқынды дамып келе жатқан Тасбөгет кентінің орталығынан заман талабына сай жабдықталған, халықты сапалы қызметпен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан «Карамель» кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Бұл нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Н.Нәлібаев арнайы қатыстып, ұлық мереке қарсаңында қала тұрғындарына тарту жасап, өңірде кәсіпкерлікті дамытып және жұмыс көзін ұсынып отырған кәсіпкерге ризашылығын жеткізді.

«Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында аймағымыздың тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай.

Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болатындығының нақты көрінісі.

Тұрғындарға жайлы да сапалы демалыс орындарын ұсынып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба басшылығына риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін.

Өздеріңіз де білесіздер, бүгінде біздің еліміз кәсіпкерлікті қолдау жөнінен әлемде өзіндік орны қалыптасқан мемлекеттер санатында.

Оның дәлелі, мемлекет тарапынан тұрақты түрде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар қабылданып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызмет түрлерінен салық төлеуден 3 жылға босатудың заңнамалық базасын әзірлеуді тапсырды және 2020 жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді үш жылға тыйым салған болатын.

Бұл – мемлекеттік қолдау өңірімізде кәсіпкерлік саласының дамуына үлкен серпін береді деп есептейміз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, әрқашан тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын, ағайын!»,- деді шаһар басшысы.

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді
Фото: Қызылорда қаласы әкімшілігі: UGC

Расында, қала келбетін арттырып, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда осындай демалыс орындарының орны ерекше.

«Карамель» кешені жобасының жалпы құны 50 млн. теңгені құрайды. Жалпы аумағы 700 шаршы метр болатын кешеннің бірінші қабатында көтерме маркет екінші қабатында балаларға арналған ойын алаңдары мен кафе жұмыс істейді, яғни бір сөзбен айтқанда келушілерге барлық талаптарға сай жағдай жасалған.

Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді
Фото: Қызылорда қаласы әкімшілігі: UGC

Бүгінде облыс орталығы - Қызылорда қаласында өңірімізді өркендету бағытында айтулы бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асып, қала тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті артып, экономикамыз қарқынды даму үстінде.

2018 жылдан бастап аймағымызда 3 жыл көлемінде «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды.

Нәтижесінде, қала бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау» жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы құны 5 млрд. 115 млн теңгені құрайтын 696 жоба іске асырылып, 812 жұмыс орны ашылды.

Ал, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 3 млрд. 878 млн. теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылды.

Жыл басынан бері 26 мың 331 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде 21 мың 899 нысаны нақты жұмыс жасауда.

Облыс бойынша нақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 48 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді
Фото: Қызылорда қаласы әкімшілігі: UGC

Қызылорда қаласында мерекеге тарту ретінде тағы бір кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді
Фото: Қызылорда қаласы әкімшілігі: UGC

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831932-kyzylorda-kalasynda-merekege-tartu-retinde-tagy-bir-ksipkerlik-nysan-pajdalanuga-berildi.html