RU

Ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін жалған "қаскөйді" жалдаған (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка тұрғыны өзінің сүйіктісіне тұрмысқа шығу жайлы ұсынысты ерекше етіп жасамақ болған. Сол үшін ер адам дүкенді тонайтын жалған қаскөйді жалдап, ғашығына экстремалды жағдайда жүрегі мен қолын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24tv.ua басылымына сілтеме жасап.

Ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін жалған "қаскөйді" жалдаған

Фото: Видеодан кадр

The Sun басылым жариялаған видео кадрларынан ер адамның сүйіктісімен бірге дүкенге кіргені, ал олардың артынан "ұрлықшының" кіргенін көруге болады.

Ғашық жұп оны көрмей қалып, жайбарақат азық-түлігін алып жатты. Алайда жалдамалы ұрлықшы оларға жақындап, қалтасында қару бар екенін білдіртті.

Бойжеткен ештеңеден күмәнданбастан үрейлене бастаған. Ал кейіннен мүлде шошынған. Арудың сүйіктісі дүкен тонауға келген ұрлықшыға оларды үйде балалары күтіп отырғанын және жақында үйленгелі жатқандарын айтып жатты. Сол кезде "қаскөй" қалтасынан сақина алып шығып, оны жігітке берді.

Біраз уақыт бойы бойжеткен айналасында не болып жатқанын мүлде түсінбепті. Алайда кейінірек оған ұсыныс жасалып жатқанын үғыпты.

О баста есеңгіреп қалған ару кейіннен сүйіктісіне "иә" деп жауап қатты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін жалған "қаскөйді" жалдаған (видео)
Mailfire view pixel