RU

Жұрттан бір бөтелке сыраға ақша сұраған футбол жанкүйері ақшаның астында қалды

Американың Карсон Кинг есімді тұрғыны студенттік футбол матчы кезінде сыра алу үшін жұрттан ақша аударып жіберуді сұрап, әзілдеген екен. Алайда көпшілік жігіттің сөзін шынайы қабылдап, қаражат жіберіпті деп жазады KAZ.NUR.KZ Правда.ру басылымына сілтеме жасап.

Футбол жанкүйері күтпеген жерден ақшаның астында қалған
Фото: pravda.ru: UGC

"Айова Хокайс" пен "Айова Стейт Циклонс" командалары арасындағы кездесу кезінде Карсон Кинг электронды әмиянының нөмірін және аты-жөнін тақтайшаға жазып, барша жұрттан бір бөтелке сыра алуға жететіндей ақша сұраған.

Жігіт бұл жай ғана әзіл болғанын және картасына осыншалық қаражат келіп түсерін мүлде ойламапты. Жиналған сомасы 600 долларға жеткенде ол барлық қаражатты қайырымдылыққа беруге шешім қабылдады.

Кинг барлық соманы Айова универсиетінің балалар ауруханасына жіберді. Ал өзіне тек бір жәшік сыраға жететін ақша қалдырып қойыпты.

Жігттің іс-әрекетіне риза болған Busch Beer компаниясы оған сыраның бір жылға жетерлік қорын сиға тартыпты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831939-zrttan-bir-btelke-syraga-aksa-sragan-futbol-zankjeri-aksany-astynda-kaldy.html