RU
Ұстаздың ұсталуына қатысты істен соң Түркістанның бас полицейі қызметінен босады

Ұстаздың ұсталуына қатысты істен соң Түркістанның бас полицейі қызметінен босады

Рассказать Вконтакте

Түркістанның бас полицейі Данияр Мейірхан ұстаздың ұсталуына қатысты резонансты жағдайдан кейін өз міндетін атқарудан босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Данияр Мейірхан. Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

Данияр Мейірхан. Фото: facebook.com/daniyar.meirkhan

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сай, Түркістандағы орта білім беретін мектептердің бірінің ұстазы полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін, ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырған. Тексеріс қалалық Полиция басқармасының басшысына қатысты жүргізілмек.

Тексерушілер бұл жағдайда тәртіп сақшыларының қаншалықты заңды жұмыс істегеніне баға бермек.

Сондай-ақ, Түркістан полиция басқармасының басшысы өз қызметін асыра пайдаланды ма-жоқ па, соны да тексермек.

Тексеру жұмыстары жүріп жатқан уақытта Данияр Мейірханның жұмыстан шеттетілетіні де хабарланды.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістанда полицейлердің ұстазды қамауға алғаны белгілі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ер адам мектептің сырттағы дәретханасын бақылауға алмағандықтан тәртіп сақшылары оны ұстаған.

Мұғалімнің ұсталған сәтін қоғам белсендісі жариялаған.

Бұл жағдай сонымен бірге білім министрі Асхат Аймағамбетовтың да назарынан тыс қалмады.

Ведомство басшысы құқық қорғау органдары тарапынан мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керек деп есептейді. Ол сондай-ақ өз қызметкерін қолдау үшін министрліктің тиісті шаралар қолданатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
31
3
3
0
3
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel