RU
Банктің қателігінен әйел адам миллионер атанды

Банктің қателігінен әйел адам миллионер атанды

Рассказать Вконтакте

Американың Техас штатындағы Даллас қаласының тұрғынының шотына банктің қателігінен қосымша 37 миллион доллар түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CBS 11 телеарнасының эфирінен скриншот

CBS 11 телеарнасының эфирінен скриншот

Оқиға 10 желтоқсанда болған. Roma Boots аяқ киім дүкеніндегі жұмысын аяқтаған әйел LegacyTexas банкіндегі есеп шотын тексермек болады.

"37 миллионды шыныменде біреу сыйға берді деп үміттендім", - деді Баллун.

Миллионер әйел ақшаны қалай жұмсайтынын да ойлап қойған. Ол қаржының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсап, қалғанын жылжымайтын мүлікке салмақ болады.

Бірнеше уақыттан кейін ол қосымша миллиондарды күйеуіне хабарлайды. Ер адам банкке хабарласқан соң оған қателік кеткенін айтады.

LegacyTexas кешірім сұрап, аударымды кері қайтарып, ақшаны шоттан шешіп алған деп хабарлайды CBS 11 телеарнасы.

"Мен миллионер болдым. Менде скриншот бар, сол себепті мен осылай айта аламын", - дейді америкалық әйел.

Ол сондай-ақ адалдығы үшін банктен марапат күтеді. Баллун мұндай ақшан өзінде қалдыруға болмайтынын жақсы түсінеді, алайда бұл үшін банктің құрғақ алғысы аз болатынына сенімді.

LegacyTexas болса телеарнаға қызметкердің қолма-қол ақшаны шетел валютасында аударуы кезінде қателік пайда болғанын және шатасушылық көп соманың басқа адамға аударылуына әкелгенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel