RU
Түркістан полициясының экс-басшысы өзінің агрессивті әрекетін түсіндіріп берді

Түркістан полициясының экс-басшысы өзінің агрессивті әрекетін түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Данияр Мейірхан өзі мен дене шынықтыру пәні мұғалімінің арасында болған резонансты жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, екі тарап бір-бірінен кешірім сұрап үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Данияр Мейірхан

Фото: Facebook / Данияр Мейірхан

Түркістан қалалық полициясының бұрынғы басшысының Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазуынша, ол №15 мектептің педагогі ұсталған сәтте облыстық құқық қорғау департаменті басшысының тапсырмасын орындаған.

Бақылау кезінде оқушылардың ешкім күзетіп тұрмаған сырттағы дәретханаға баратыны анықталған.

Мейірхан жағдайдың екінші күні де қайталанғанын атап өтті. Экс-басшының сөзінше, өзі де әке болғандықтан балаларға қатысты мәселелерді жүрегіне жақын қабылдайды.

Офицер дене шынықтыру пәнінің мұғалімімен сөйлескен сәтте байсалды қалпынан шығып, өзін ұстай алмағанын айтты. Ол өзінің іс әрекетін агрессия деп атады.

Сонымен бірге Данияр Мейірхан жағдайдың шешім тапқанын және мұғалім екеуі өзара кешірім сұрасқанын хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, кеше таңертең Мейірхан облыстық полиция басшысына жүгініп, егер қажет болса, өзін қызметінен босатуды сұраған.

Ұстау дерегі бойынша қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Мейірханның айтуынша, таралып жатқан видеороликте даудың тек бір бөлігі ғана көрсетілген.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістанда полицейлердің ұстазды қамауға алғаны белгілі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ер адам мектептің сырттағы дәретханасын бақылауға алмағандықтан тәртіп сақшылары оны ұстаған.

Сондай-ақ, қызметтік тексеріс барысында Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірханның қызметінен босатылатыны да хабарланды. ІІМ арнай тексерісті бастаған.

Сіздің реакцияңыз
17
1
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel