RU

Ямайкалық бойжеткен "Әлем аруы" атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания астанасы Лондонда халықарадық деңгейдегі байқаудың финалы, артынша марапаттау рәсімі өтті. Бүкіл қыздардың арманы болған титул Ямайканың намысын қорғаған 23 жастағы Тони-Энн Сингхқа бұйырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/toniannsingh

Фото: instagram.com/toniannsingh

Тони-Энн Сингх "Әлем аруы" сайысының тарихында Ямайка елінен тәж киген төртыншы сылқым.

Соңғы рет Ямайка атынан қатысқан ару сонау 1993 жылы жеңіске жеткен.

Тони-Энн Сингх Флоридадағы америкалық университеттің студенті. Ол ән салып, би билегенді ұнатады.

Ұйымдастырушылар оның бірнеше музыкалық аспапта ойнай алатындығына ерекше мән берген. Айта кету керек, оның осы таланттары сайыс кезеңдерінің бірінде жеңіс сыйлаған.

Бірінші вице-мисс атағын Франциялық сұлу алса, екіншісі Индиядан келген бойжеткенге бұйырған.

Айта кету керек, аталмыш сайыс 68 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Байқаулар арасында да беделі жоғары.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Ғалам ару" байқауының да шымылдығы жабылған еді. Ғаламның ең сұлу аруы ретінде ОАР-лық Зозибини Тунци жеңіске жеткен еді. Аталмыш сайыс АҚШ-тың Атланта қаласында өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ямайкалық бойжеткен "Әлем аруы" атанды
Mailfire view pixel