Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші-боксшы Ибрагим Ескендір африкалық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Ресей астанасы Мәскеудегі "Крылья Советов" спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық әнші-боксшы Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) африкалық қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/ibragim_eskendir
Фото: instagram.com/ibragim_eskendir: Instagram

Жеңіліп көрмеген 33 жастағы қазақстандық спортшыға Малави тумасы, тәжірибелі боксшы Мусса Аджибу (28-14-5, 24 КО) қарсылас болды. Бірінші ауыр салмақтағы кездесу он раундқа жоспарланған. Алайда Ескендір қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсіріп тастаған.

Осылайша Ибрагим кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін жетінші нокаутпен аяқтаған. Ол сондай-ақ IBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Ибрагим Ескендір бұған дейін былтыр, желтоқсан айында шаршы алаңға шыққан еді. Араға бір жыл уақыт салып, спортшы тағы да жеңіске жетіп, өзінің бабында екенін дәлелдеді.

Айта кетсек, Ибрагим Ескендір тек қана боксшы емес, оның әншілік қабілеті де бар. Қалың көпшілікке ол өзі авторы әрі орындаушысы болған "Көк тудың желбірегені" әні арқылы таныс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831973-nsi-bokssy-ibragim-eskendir-afrikalyk-karsylasyn-nokautka-tsirdi-video/

pixel