Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүлейменов: Тоқаев Алматы атауын өзгертуді қолдады

Опубликовано:

Танымал қазақстандық жазушы, ақын және қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов Алматыға бұрынғы "Алма-Ата" атауын қайтаруды ұсынды. Оның бұл идеясын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен оңтүстік астана басшысы Бақытжан Сағынтаев қолдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Sputnik Қазақстан журналисімен тілдескен қоғам қайраткері республикамыздың ең ірі қаласының көптеген тұрғындары мұндай идеяны қолдайтынын атап өтті.

Жазушы бірнеше дәлел келтірді. Ол Алма-Ата атауында тарихи фабула бар деп түсіндірді. Бұл атау ауқымдырақ әрі ұғынықты. Ақынның айтуынша, Алматы адамдардың өте тар шеңберіне арналған атау.

Олжас Сүлейменов өзінің пікірін тіл біліміне сүйене отырып жасаған. Оның сөзінше, ғылыми тұрғыдан қарағанда түркі тілінде "лы" жұрнағы яғни "ты" көп тараған.

"Сонда Алмалы болады", - деп түсіндірді ол.

Олжас Сүлейменовтың айтуынша, ол мемлекет басшысымен кездескен кезде дәл осы тақырып талқыланған. Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының бұл бастамасын қолдайтыны белгілі болды.

Алайда, жазушының айтуынша, Тоқаев шешімді халықтың өзі қабылдауы керек деген пікір білдірген.

Сонымен қатар, ақынның бастамасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтан да қолдау тапқан.

Айта кетсек, кейде ел ішінде миллионер қалаға бұрынғы атауын беру тақырыбы қозғалады. Көпшілік, тарихи атаудың айрықша ерекшелігі бар деп есептейді.

Ал кейбіреулер мұндай бастамаға мүлдем қарсы. Өйткені, қазақстандықтар бұл бюджеттің қосымша шығындануына әкеледі деп санайды.

Еске сала кетсек, Алматыға ескі атауын беру мәселесін бұған дейін Ермұхамет Ертісбаев көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831983-slejmenov-tokaev-almaty-atauyn-zgertudi-koldady/

pixel