RU
Ерлан Қарин Алматы атауының өзгеруіне қатысты өз пікірін білдірді

Ерлан Қарин Алматы атауының өзгеруіне қатысты өз пікірін білдірді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы атауын өзгертуге қатысты бастамаға пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Қарин. Фото: ОКҚ

Ерлан Қарин. Фото: ОКҚ

"Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту керектігін баяғыдан айтып келеді. Алайда, оның Президентпен кездесу барысында бұл мәселені қайта көтеруі – Мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент Алматыны дамытудың маңызды мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді.
Ол туралы Президент осы жылдың 29 қазанында қала активімен кездесу кезінде айтқан еді. Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді", - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында .

Айта кетсек, бұған дейін танымал қазақстандық жазушы, ақын және қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов Алматыға бұрынғы "Алма-Ата" атауын қайтаруды қолдайды. Оның бұл идеясын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен оңтүстік астана басшысы Бақытжан Сағынтаев қолдағаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Алматыға ескі атауын беру мәселесін бұған дейін Ермұхамет Ертісбаев көтерген еді.

Сіздің реакцияңыз
13
0
2
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel