RU

Нұр-Сұлтанда және еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің басты қаласы мен Қазақстанның тағы үш облысында ауа райының күрт бұзылуы күтілуде. Дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордада 16 желтоқсанда түнгі және күндізгі уақыттарда тұман күтіледі.

Дауылдың болуы 95-100% ықтимал. Дәл осындай ықтималдықпен Батыс Қазақстан облысына да ескерту жарияланды.

Ол өңірде қатты тұман болады деп болжанған.

Синоптиктер дәл осындай болжамды Түркістан облысына да жасаған. Бұл өңірде жүз пайыз дауыл болуы мүмкін. Сондай-ақ қатты тұман болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында да желдің күшеюі мүмкін.

Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарды күн райының күрт суытуы күтіп тұрғанын хабарлаған. Ел аумағында қар қалың түсіп, бұрқасын болатыны болжанған.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында желтоқсан айының басында ауа райының бұзылуына байланысты екі тас жол жабылған болатын.

Өңірде қардың қалың түскені, жолдардың көк мұзға айналғаны хабарланған.

Сол кезде-ақ синоптиктер қыстың бірінші жартысында бүкіл ел аумағында ауа райының күрт суитынын мәлімдеген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831989-nr-sltanda-zne-elimizdi-s-oblysynda-dabyldy-eskertu-zarialandy.html