RU

Қазақ тілдің дамуына кедергі жасаушыларға тойтарыс берілу қажет

Халқының 80 пайызы қазақтан құралған Қазақстанның кіндік қаласы - Астана, қазақ тілін білу деңгейі жағынан өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін елордада өткен дөңгелек үстел отырысы барысында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалин айтты.С.Оразалин, қазақ тілін үйренуге деген өздерінің енжарлықтарын ақтау үшін тілдік ортаның жоқтығын желеу етіп отырған азаматтарды тілге тиек ете келе, нағыз тілдік ортасы бар, тұрғындарының 80 пайызы қазақтан тұратын - Қазақстанның астанасы ана тілінде сөйлемейтіндігін қынжыла айтты.

"Астана әкімшілігінде 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді екен. Соның 90 пайыздан астамы қазақтар. Бұл тілдік орта емей не? Астанада бәрі жасалады, оған қарап өзге өңірлер бой түзейді. Тіл халыққа керек, ал халық  бізбіз", - деді ол.

Ал ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Сабыржан Шүкірұлы атап көрсеткендей, еліміздің қай саласында болсын жетістіктер бар. "Дегенмен", - дейді ол, қазір даламызбен мақтанғанымызбен, санамызбен мақтана алмайтын күйге түстік. "Қазақ тілінің ендігі буынының мәнгүрттенуіне біз - зиялы қауым, ұлтжанды азаматтар, тіл жанашырлары тікелей кінәліміз. Бұл біздің салғырттығымыздың салдары. Етек алып бара жатқан кемшілікке, жаманшылыққа селт етпейміз, үн қатпаймыз", - дейді ол.Жазушының пікірінше, бәрін тек ресми орындардан ғана күте бермей, қоғамдық пікір туғызып, білек-талап қойып, мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне ие болуына кедергі жасаушыларға тойтарыс беру қажет. Осыған жұмылу керек һәм жұртшылықты жұмылдыру керек. С.Шүкірұлы да бұл бағыттағы жұмысты тілдік ортасы бар Астанадан бастау қажет деген ой түйді.

Өз кезегінде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразгүл Асанғазықызы, елордада тұратын 70 пайыз қазақтың 53 пайызының баласы қазақ сыныбында, 47 пайызының баласы әлі орыс сыныбында оқитындығын айтып қынжылды.

Оның айтуынша, қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасының нашарлығын алға тартудың негізі жоқ. Оның бір ғана мысалы, 2010 жылы Астана түлектері алған медальдардың 97 пайызын қазақ сыныбының балалары иеленген. Математикадан дүниежүзілік олимпиададан бесінші орынды алып келген және қазақ сыныбының баласы болды.

Оның айтуынша, қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасының нашарлығын алға тартудың негізі жоқ. Оның бір ғана мысалы, 2010 жылы Астана түлектері алған медальдардың 97 пайызын қазақ сыныбының балалары иеленген. Математикадан дүниежүзілік олимпиададан бесінші орынды алып келген және қазақ сыныбының баласы болды.

Әкімдік өкілінің сөзіне қарағанда, бүгін де Қазақстандағы қазақтың орта жасы - 29, ал саны жағынан қазақтан кейінгі орында тұрған өзге ұлттың орта жасы - 59 жас. "Сондықтан", - дейді ол, ендігі он жылдан кейін қазақстандықтардың 90-95 емес, 99 пайызы қазақ болады және олар қазақша сөйлейтін болады. Тіл қадірін, қазір өзі қазақ тілін үйренбей, балаларын да орыс сыныптарында оқытып жатқандар - сол кезде ғана түсінеді.Тіл жанашырларының пікірінше, қазақ тілі мәселесі проблема ретінде көтерілмеуі тиіс және оны мұндай жағдайға жеткізген тіл иесі - қазақ халқына ұятты жағдай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/183199-kazak-tildin-damuyna-kedergi-zhasaushylarga-tojtarys-berilu-kazhet.html