Выйти
RU

Непалда автобус құздан құлап, 14 адам қаза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Непалда автобус құздан құлап, 14 адам қайтыс болды. Тағы 18 адам түрлі жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: asiandevelopmentbank

Фото: asiandevelopmentbank

Оқиға Непалдың Синдхупалчок ауданындағы тауда болған. Автобус 500 метр биіктіктен құлаған.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, автобус ішінде индуистік дінге тәу етушілер болған. Діндарлардың Калинчоук діни орнына барып, қайтып келе жатқан жолда автобус апатқа ұшыраған. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін.

Ресми органдардың хабарлауынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Қазіргі уақытта полиция мен жергілікті тұрғындар құтқару операциясын жасап жатыр. Зардап шегушілер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілуде.

Құқық қорғаушылар мәліметінше, жол апаты болған уақытта автобус салонында кем дегенде 32 адам болған болуы мүмкін.

Автобус жүргізушісі апат болған орыннан қашып кеткен, ал оның көмекшісі айтарлықтай жарақат алған.

Еске сала кетсек, "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат орын алған еді. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылып түскен. Салдарынан сегіз адам жан тәсілім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Непалда автобус құздан құлап, 14 адам қаза болды