RU

Сағынтаев Алматы атауының өзгеруіне қатысты ойын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһар атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ: Original

Оңтүстік астана әкімі болған жағдайға қатысты өз ойын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында білдірген.

"Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ.
Қазіргі уақытта біз қала үшін Президент Қ.Ж. Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз.
Жақында қабылданған «Алматы 2050» Стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз", - деп жазды Сағынтаев.

Айта кетсек, бұған дейін танымал қазақстандық жазушы, ақын және қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов Алматыға бұрынғы "Алма-Ата" атауын қайтаруды қолдайды. Оның бұл идеясын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен оңтүстік астана басшысы Бақытжан Сағынтаев қолдағаны хабарланды.

Артынша, президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл хабарламаға пікір білдіріп, Тоқаевтың қандай көзқараста екенін мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сағынтаев Алматы атауының өзгеруіне қатысты ойын айтты