RU

Криштиану Роналдудың көршісі спортшының жеке өмірі жайлы айтып берді

"Ювентус" командасы мен Португалияның шабуылдаушысы Криштиану Роналдумен бір ауданда тұратын көршісі әйгілі футболшының күнделікті өмірін сипаттап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports24.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/cristiano
Фото: instagram.com/cristiano: Instagram

"Ювентус" командасының аңыз ойыншысы Фелич Борельдің қызы Элизабет Борель атақты шабуылдаушы Криштиану Роналдумен бір ауданда тұрады. Ол Роналдуды керемет көрші деп есептейді.

Элизабеттің айтуынша, ол Rolls-Royce мініп жүрген португалиялықты жиі көреді. Сондай-ақ футболшының ұлы кіші Криштиану Роналду элиталы ауданның көшелерінде скейтбордпен көп жүреді. Көршісінің сөзінше, кіші Роналдудың жанында үнемі күзетшілер болады.

Күзетшілер форвардтың сүйіктісі Джорджиния Родригестің де жанынан табылады. Одан бөлек келіншекке бала күтушілер де көмектеседі екен. Айта кетсек, Криштиану мен Джорджиния төрт бала тәрбиелеп отыр.

Қараша айында БАҚ беттерінде Роналду мен Родригестің жасырын түрде үйленіп алғандары туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет ресми расталған жоқ.

Роналду Турин қаласында 2018 жылдан бері тұрып келеді. Ол "Ювентус" сапында Италия чемпионы болды. Португалиялық ойыншы "Алтын доптың" бес дүркін иегері.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831998-kristianu-ronaldudy-krsisi-sportsyny-zeke-miri-zajly-ajtyp-berdi.html