Выйти
RU

Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болып, бес адам зардап шекті. Оның екеуі бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ленинский - Үлкен Ажар тас жолында, бүгін, күннің екінші жартысында болған.

ГАЗель жүргізушісі өзіне және жол қозғалысына қатысушы басқа адамдарға қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен солға бұрылады.

Дәл осы сәтте жүк көлігінің артынан келе жатқан иномарка жүргізушісі басып озбақ болған.

Нәтижесінде екі көлік соқтығысып қалды. Алған соққыдан иномаркалы көліктің капоты жанған. Сол кезде жолда болған патрульдік-бақылау учаскесі қызметкерлерінің арқасында зардап шеккендерге дер кезінде көмек беріліп, қайғылы жағдайдың алды алынған.

Әртүрлі жарақат алған жапа шегушілер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек балалардың бірі үйіне жіберілген.

Еске сала кетсек, елордаға және еліміздің тағы үш облысында дабылды ескерту жарияланды. Өңірлерде тұман түсіп, дауыл болады деп күтілуде. Республика бойынша ауа рауы күрт бұзылады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті
Mailfire view pixel