Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Мисс Астана 2020» сұлулық байқауының финалистері қайырымдылық жасады

Опубликовано:

Елімізде жарияланған Жастар жылының аяқталуы мен Еріктілер жылының басталуына орай, «Мисс Астана 2020» сұлулық сайысының финалына шыққан арулар бірқатар қайырымдылық акцияларына қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: "Мисс Қазақстан" Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

Мемлекеттің, бизнес пен қоғамның әлеуметтік серіктестігі елдің тұрақты дамуына және әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылу үшін аса маңызды екені анық. Бұның барлығы әр азаматтың жеке әлеуметтік жауапкершілігінен басталады. Ал астаналық жиырма арудың әлеуметтік бастамасы өзгелерге ерекше мотивация мен өнеге деп айтуға әбден болады.

«Жақсылық жасауды қазір баста» принципін негізге ала отырып, байқауға қатысушы арулар өз әрекеттерімен «қайырымдылық жасау үшін қаржының болуы шарт емес» екенін дәлелдеп келеді. Кейде мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін жеке ресурстар да жеткілікті.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

Мәселен, демалыс күдердің бірінде конкурсқа қатысушылар елордадағы «SOS балалар ауылы» тәрбиеленушілерін «Холодное сердце-2» мультипликациялық фильмін тамашалауға Kinopark кинотеатрына шақырды. Анна және Эльза ханшайымдары мен олардың достары бастан кешірген қызыққа толы оқиғалары жайлы ертегінің жалғасы балаларды керемет күйге бөледі.

«Бұл менің сүйікті мультфильмім. Екінші бөлімін асыға күткен едім. Кейіпкерлердің барлығы ұнайды, әсіресе - Эльза! Себебі өте әдемі. Бүгін қыздардың тәжін қолыма ұстап, өзімді ханшайым сезіндім», - деп кішкентай Қарақат өз эмоцияларымен бөлісті.

Келесі күні арулар Нұр-Сұлтан қаласындағы «№2 арнайы мектебіне» барып, тәрбиеленушілер үшін өзіндік арт-терапия ұйымдастырды. Қыздар өз қаржысына қажетті құралдарды сатып алып, оқушылармен бірге жаңа жылдық ашық хаттарды дайындады.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC
«Балалар мені шабыттандырды! Олар дарынды, өнерлі әрі сондай ақжарқын. Олар мені қаншалықты толғандырғандарын сөзбен айтып жеткізе алмаймын», - деді «Мисс Астана» байқауының қатысушысы Айзада Хабиболлаева.

Бірлескен арт-терапия жаңа таланттарды ашып қана қоймай, балалардың көкжиегін кеңітіп, мерекеалды көңіл-күй сыйлады. Бұл – жақсы іс жасау үшін қомақты қаржы емес, жеке уақыт пен көңіл бөлудің жеткілікті екенін аңғартады.

Байқауға қатысушылар «Замандас» отбасылық аулалық клубының бөбектеріне де жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. «Біз балалармен бірге әдемі жаңа жылдық ойыншықтар жасадық. Ал соңында бірлесіп үлкен шыршаны әрлендірдік. Балалар үшін бұл нағыз мереке болды, ал біз қыздармен осы іс арқылы шексіз позитив пен керемет энергия алдық» - деді сайысқа қатысушысы Наргис Шонизорова.
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

Қайырымдылық акцияларының келесі кезеңі «28 петель» қоғамдық қорына практикалық көмек көрсету болды. Қор салмағы небәрі 500 грамм болып ерте туған сәбилерге қолдау көрсетеді. Бұндай жағдайда аман қалу өте қиын, сәбиге шын мәнінде жылу қажет.

«Арнайы инкубаторда ерте туған сәбилер автоматты кислородпен қамтамасыз етіледі. Дегенмен жылу алмасу дұрыс болмағандықтан, кешенді медициналық шаралармен қатар, сәбилерге жан жылу қажет», – деді қазақстандық қордың негізін қалаушы Карла Нур. — Біздің еріктілер ерте туған сәбилерге киім-кешектерді арнайы таза жүннен тоқып, сәбилерге жылулық пен өздігінен дем алуға мүмкіндік береді. Жылудан бөлек, жүн талшықтары теріге жағымды әсер етіп, өзіндік массаж жасағандай қозғалыс моторикасын жетілдіреді».

«Сенің қолыңда алақандай сәбидің тағдыры бар екенін білу - үлкен жауапкершілік» – деп «Мисс Астана» байқауының қатысушысы Айым Имашева көз жасын жасыра алмады.

«Мен мұнда өз қолыммен киім-кешек тоқу үшін қажеттінің бәрін алып келдім. Сәбилерді көрген кезде ерекше толқып, тіпті қолдарым дірілдеді. Бастысы, шұлықты үлкен махаббатпен тоқыдым» -деді ол .

Алғаш құрылғалы бері «28 петель» қоғамдық қоры тоғыз елде өз филиалын ашты. Олар: Қазақстан (18 қалада), Өзбекстан, Латвия, Ресей, Қырғызстан, Украина, Әзірбайжан, Грузия және Беларуссия. Жеті жылдың ішінде осы елдердің ана мен бала орталықтарына 134 673 сәби киімі жеткізілген.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

«Мисс Астана» қатысушылары үшін қалалық қан орталығына бару –маңызды тәжірбие болды. Қыздар ерікті донор атанбас бұрын, салмақ, қандағы гемоглобин мөлшері және басқа да өмірлік маңызды көрсеткішкер толық ескерілетін медициналық тексерістен өтті. Дәрігерлерінің сөзінше, Орталыққа қан күнделікті қажет және арулар ерікті донор атану арқылы өзгелерге үлгі болды. Мүмкін, нақты сіз тапсырған қан ертең біреудің өмірін құтқаруға сеп болады.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

Кішігірім игі істердің қатары артатыны сөзсіз. Себебі «Мисс Астана» ұйымдаствру комитеті қазіргі уақытта БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп #ItsAllAboutAbility (Барлығы да мүмкіндіктерге байланысты) атты ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерді қолдауға арналған ақпараттық кампаниясын жүзеге асыруға атсалысып жатқан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен ынтымақтастық орнатты. Бұл бастаманың мақсаты – балалар құығын қорғау, олар үшін спортпен айналысу мүмкіндіктерін жасау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі
Фото: «Мисс Қазақстан» Ұлттық конкурсының баспасөз қызметі: UGC

#ItsAllAboutAbility атты ерекше қажеттіліктері бар балаларды қорғауға арналған ақпараттық кампания Қазақстанда 2019 жылдың 8 қазан күні басталды. Жобаны түрлі бағыттарда қызмет атқаратын мекемелер қолдайды.

#ItsAllAboutAbility кампаниясына кез-келген мекеме немесе қарапайым белсенді азамат қосыла алады. Қосымша визуалды ақпарат (логотиптер, шрифтер) алу үшін «Samruk-Kazyna Trust» Қорына хабарласуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мисс Астана 2020» конкурсының финалы ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні ҚазМедиаОрталығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832012-miss-astana-2020-slulyk-bajkauyny-finalisteri-kajyrymdylyk-zasady/

pixel