RU

Тұман, көктайғақ: Синоптиктер 16 желтоқсан күні ауа райы қандай болатынын айтты

Рассказать Вконтакте

16 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Казгидромет" РМК ақпаратына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мамандардың мәліметінше, птмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты батыс өңірлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және шығыста – қар түседі.

Республиканың жекелеген аумақтарын тұман басып, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ, екпінді жел болжанады

  • Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
  • Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
  • Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін 14-17 желтоқсан аралығында ел тұрғындарын қанда ауа райы күтіп тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

Мамандар бұл күндері республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуіне әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжитынын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тұман, көктайғақ: Синоптиктер 16 желтоқсан күні ауа райы қандай болатынын айтты
Mailfire view pixel