Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду кезекті рекордтың иегері атанды

Опубликовано:

Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Роналду кезекті рекордтың иегері атанды
Фото: Instagram / cristiano: Instagram

"Ювентус" Италия чемпионатының 16 турында "Удинезе" клубына қарсы ойнады.

Тартысты өткен матч 3:1 есебімен туриндік ұжымның пайдасына шешілді.

Роналдудың аталған ойындағы екі голы футболшының кезекті рекордына қол жеткізді.

34 жастағы шабуылшы Италия, Испания, Англия чемпионатында 15 маусым бойы ең кемінде 10 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Еске сала кетсек, Роналдумен бір ауданда тұратын көршісі әйгілі футболшының күнделікті өмірін сипаттап берген.

"Ювентус" командасының аңыз ойыншысы Фелич Борельдің қызы Элизабет Борель атақты шабуылдаушы Криштиану Роналдумен бір ауданда тұрады. Ол Роналдуды керемет көрші деп есептейді.

Элизабеттің айтуынша, ол Rolls-Royce мініп жүрген португалиялықты жиі көреді. Сондай-ақ футболшының ұлы кіші Криштиану Роналду элиталы ауданның көшелерінде скейтбордпен көп жүреді. Көршісінің сөзінше, кіші Роналдудың жанында үнемі күзетшілер болады.

Күзетшілер форвардтың сүйіктісі Джорджиния Родригестің де жанынан табылады. Одан бөлек келіншекке бала күтушілер де көмектеседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1832028-ronaldu-kezekti-rekordty-iegeri-atandy/

pixel