RU

Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орнын білесіз бе

Telegram logo VKontakte logo

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Супер ауыр салмақтағы Иван Дычко 54-ші орыннан 55-ке, ал Руслан Мырзатаев 88-ші сатыдан 89-ға түсті.

Бірінші ауыр салмақтағы Әли Балоев бір сатыға сырғып, 82-ші орынға түсті. Еділ Қожамбердиев 92-ші орында тұр (90-шы орында болған).

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы төрт сатыға жылжып, 29-шы орында, Нұрзат Сабыров — 32-ші (2 позицияға түскен), Али Ахмедов 33-ші позицияда (2 орынға сырғыған).

Орта салмақтағы Қанат Ислам өзінің 15-ші орнын сақтап қалды, Мейірім Нұрсұлтанов бұрынғыша 17-ші позицияда қалса, Жәнібек Әлімханұлы 36-шы орыннан 27-шы орынға көтерілген.

IBO әлем чемпионы - Геннадий Головкин.

Дивизионның бірінші орта қатарында өнер көрсететін Садриддин Ахмедов өз көрсеткішін жақсартып, 28-ші орынға жайғасты (35-ші орында тұрған еді). Мадияр Әшкеев сегіз позицияға жоғарылап, 70-ші орында тұр.

Жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев — 30-шы (28-шіде болған), Данияр Елеусінов 70-ші орында, ал Бобыржан Момынов — 78-ші орында қалды.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте өз көрсеткішін өзгерткен жоқ, боксшы 13-ші сатыда, Жанқош Тұраров — 48-ші орында (42-ші болған).

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орнын білесіз бе