RU
Алматыда ер адам жолаушыларды тасып жүрген автобусты тоқтатып тастады

Алматыда ер адам жолаушыларды тасып жүрген автобусты тоқтатып тастады

Рассказать Вконтакте

Алматыда мас адам тапа-тал түсте жанжал шығарып, қалалық бағдардағы автобустардың бірінің доңғалағының астына жатып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқиғаны суреттейтін видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды.

Куегерлердің айтуынша, аталған жағдай Куәгерлер Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында 15 желтоқсаны күні орын алған.

Видео авторы ішімдік ішкен ер адамның жолға шығып, қалалық бағдардағы 73-ші автобустың алдында жатып алып, қоғамдық көлікті тоқтатып тастағанын жеткізді.

Одан бөлек, ол автобус жүргізушісі өздігінен ешқандай әрекет жасамағанын, бірден полиция қызметкерлерін шақырғанын мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары бұзақыны автобустың астынан шығарып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізгені белгілі болды.  

Оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, автобусқа кедергі келтірген ер адам 1966 жылы өмірге келген.

Бұзақыны тәртіп сақшылары Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып барып, хаттама толтырғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
3
4
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel