Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің қуатты елдерінің рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр

Опубликовано:

U.S.News басылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең қуатты елдерінің рейтингін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тізімді Пенсильвания Университетінің BAV Group және Wharton School мамандары жасап шығарды.

Рейтингті құрастыру барысында елдердің экономикасы, саяси аренаға ықпалы, әскери қуаты мен әлемдегі көшбасшылық және халықаралық альянстарға қатысулары негізге алынды.

Басылым мәліметінше, бірінші орында Америка құрама штаттары тұр.

Сарапшылар аталған мемлекеттің экономикасын әлем бойынша "ең мықты" деп мойындайтынын жеткізген.

Сонымен қатар, Вашингтонның әскери бюджетінде де қаржы көп болып саналады.

Мықтылар арасында екінші орынға Ресей жайғасты.

Ал Қытай көшбасшылардың үштігін қорытындылады.

Үздік ондыққа Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Израиль, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Корея кірді.

Қазақстан рейтингте 43-ші орынды иеленді.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен (2018 жыл) салыстырғанда екі позицияға төмен болып табылады. Қазақстан 2018 жылы тізімнің 41-ші сатысында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1832036-lemni-kuatty-elderini-rejtinginde-kazakstan-nesinsi-orynda-tr/

pixel