RU

Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін, 16 желтоқсанда қазақ ән өнерінің бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: сайт "Герои страны" және instagram.com/zhunusova.makpal

Фото: сайт "Герои страны" және instagram.com/zhunusova.makpal: Depositphotos

Бұл туралы осыдан біршама уақыт бұрын Төлегенованың шәкірті Толқын Забирова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұлбұл үнімен,70-жыл қатарынан тындаған жандардың құлақ құршын қандырған Ұлы ұстаз! Ардақты ана! Асыл әже! Бұйырса, желтоқсанның 16-шы жұлдызында 90 жасқа келеді! Өнердегі Анама, Алла жар болсын!" - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстаның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегеновамен кездесті.

Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толуымен құттықтады.

Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

"Сіз біздің халқымыздың шынайы сүйіспеншілігіне ие болдыңыз. Сізге ұзақ өмір, таусылмайтын энергия және көрермендердің қошеметін тілеймін. Концертіңіз керемет өтіп, дәстүр бойынша көрермендердің жоғары бағасына ие болды", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды