Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90 жасқа келген Бибігүл Төлегенованы өнер жұлдыздары құттықтауда (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 16 желтоқсан КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың туған күні. 90 жасқа келген "қазақтың бұлбұлын" өнер жұлдыздары әлеуметтік желіде құттықтауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/tolkynzabirova және amre_official
Фото: Instagram/tolkynzabirova және amre_official: Instagram

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова опера әншісін құттықтауды ұмытпады.

"Бүгін туған жандарға Бибігүл апамның жасын берсін, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын!" - деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Бибігүл Төлегенованың шәкірті Толқын Забирова да ұстазына деген жылы лебізін жеткізді.

"Адамның өнерде тұлға болып қалыптасуына ұстаздың алар орны ерекше. Қаршыдай қыздың талабына мән беріп, көз ашып, өрге сүйреп, туған перзентіндей көріп, қамқоршыма айналған өнердегі Жан Анама-Бибігүл Аxметқызына бас иіп, тағзым етемін! Туған күніңізбен! 90 жылдығыңызбен!
Бір күнде тоғысқан екі бірдей Қазақ xалқы үшін мәнді де, тариxи мерекелермен, барша Қазақстандықтарды құттықтаймын! Егемендігіміз мәңгі болсын, ел тұғыры биік, болашағымыз нық болсын!
Бибігүл анамызға Алла тағалам күш-қуат беріп, ғұмыр сыйласын!" - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832046-90-zaska-kelgen-bibigl-tlegenovany-ner-zldyzdary-kttyktauda-foto/

pixel