RU

Руслан Әбдіразақов: Қазақ күресі Олимпиада ойындарына кіруі мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Руслан Әбдіразақов 100 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол 40 елдің палуандары қатысып жатқан бәйгеде Қазақстан қоржынына алтын салды. Кеше ғана Әлем барысы атанған палуанның жауырынын жерге тигізген 31 жастағы спортшы қазақ күресінің жетістіктерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бес кездесу өткіздім. Қарсыластардың ішінде өткен жылғы әлем чемпиондары болды. Он күн бұрын "Әлем барысы" атанған Роман Бобиков ақтық сында қарсыласым болды. Әр қарсыласқа әр қандай дайындықпен шықтық. Әлемнің 40 мемлекетінен спортшылар қатысып жатқандықтан қазақ күресі үлкен деңгейге жетті деп айта аламыз. Бұл өзге елдерде қазақ күресінің дамып жатқанын көрсетеді.
Болашақта қазақ күресі Олимпиада ойындарына кіруі әбден мүмкін.
Қазақ күресінің 30-ға жуық мемлекетте өз федерациясы бар. Жапония, Кореядан, Грузия, Ресейден келген палуандардың мықтылығын көруге болады. Олардың бапкерлерінің барлығы дзюдо күресінен әлем чемпиондары ",-деді палуан Руслан Әбдіразақов.

Ол 2005 жылдан бастап халықаралық жарыстарда бақ сынап жүр.

12 жасынан спортқа ден қойған палуан Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында туып өскен.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының атынан жарыстарға шығып жүр.

"Өзім осыған дейін дзюдо күресімен айналысқан едім. 2010 жылы қазақ күресінің жарысына қатысып, қатты ұнап қалды. Содан кейін қазақ күресіне ауыстым. Күнделікті таңғы сағат 10:00 мен 12:00 және кешкі 17:00 мен 19:00 аралығындағы уақытымды жаттығу залында өткіземін",-деді ол.

Ақтөбеде өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы күні отандастарымыз үшін сәтті басталды.

Қоржында үш алтын бар. Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңге.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Руслан Әбдіразақов: Қазақ күресі Олимпиада ойындарына кіруі мүмкін
Mailfire view pixel