Выйти
RU

Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңнен шыққан клубтардың қарсыластары белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швейцарияда Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарта рәсімі аяқталды. Топтық кезеңнен шыққан клубтардың қарсыластары толықтай белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

  1. "Боруссия Дортмунд" (Германия) - "ПСЖ" (Франция)
  2. "Реал Мадрид" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия)
  3. "Аталанта" (Италия) - "Валенсия" (Испания)
  4. "Атлетико" (Испания) - "Ливерпуль" (Англия)
  5. "Челси" (Англия) - "Бавария" (Германия)
  6. "Лион" (Франция) - "Ювентус" (Италия)
  7. "Тоттенхэм" (Англия) - "Лейпциг" (Германия)
  8. "Наполи" (Италия) - "Барселона" (Испания)
  • 1/8 финалдың алғашқы матчтары 18,19,25 және 26 ақпанда өтсе, жауапты кездесу 10,11,17 және 18 наурызға жоспарланған.

Еске сала кетсек, өткен маусымда Чемпиондар лигасын "Ливерпуль" клуб жеңіп алған болатын.

Англиялық ұжым финалда "Тотенхэм" командасын 2:0 есебімен жеңді.

Кездесудің екінші минутында Мохаммед Салах есепті ашты. Мысырлық футболшы төреші белгіліген 11 метрлік пенальтиді сәтті орындады.

Екінші голды "Ливерпульдің" шабуылшысы Дивок Ориги матчтың 87 минутында салды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңнен шыққан клубтардың қарсыластары белгілі болды
Mailfire view pixel