Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спортпен шұғылданамын": 90 жасқа келген Төлегенова әдемі өмір сүрудің жолын айтты

Опубликовано:

Бүгін, 16 желтоқсанда қазақ ән өнерінің бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды. Өнер иесі сұқбатында әдемі өмір сүрудің жолдарын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Фото: "Герои страны" сайты
Фото: "Герои страны" сайты: UGC
"Адам баласы өсу керек, әдемі өмір сүру керек, әдемі қартаю керек. Мен осы девизбен өмір сүретін адаммын. Арасында спортпен шұғылданамын. Қалғанының бәрі табиғаттың дарытқаны. Кез келген тамақты жей бермеймін. Маска жасап әуреге салынбаймын. Жасыма лайық әдемі қартайып келе жатырмын", - деді "қазақтың бұлбұлы".

Бибігүл Төлегенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығы туралы да айтып берді.

"Осы сапарымда Елбасымен кездестім. Ол кісі өзінің дана ойлары жазылған кітаптары мен "сіздің қолыңызға осы сағат жарасады" деп бриллиант сағат сыйлады. Ал жаңа президентіміз "Барыс" орденімен марапаттап жатыр. Өзімді бақытты адам санаймын", - деді әнші.

Ол еліміздің амандығын әрқашан тілеп жүретінін жеткізді.

"Үнемі елдің тыныштығын тілеп отырамын. Еліміз аман болсын! Елбасымыз аман болсын! Аспанымыз ашық, тыныштық болсын!", - деп сөзін қорытындылады КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832078-sportpen-sgyldanamyn-90-zaska-kelgen-tlegenova-demi-mir-srudi-zolyn-ajtty/

pixel